Депутат Дәулет Мұқаев курс сататын блогерлерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Ол өзі кезінде курсын бар болғаны 3 500 теңгеге сатқанын айтты.
Депутат өзге блогерлер секілді 30-50 мың, 1,5 миллион теңгеге курс сатпаған екен. Ол миллион теңгеге курс алып, бөліп төлегеннен гөрі академиялық білім алған жөн дейді.
Бұған дейін Дәулет Мұқаевтың «Декретке миллионмен» атты курсының заңдылығы туралы жазылған болатын. "Бұл курс заңды тікелей бұзбаса да, көпшіліктің жалған схемаларға ұрынуына себеп болғаны парламент ішінде үлкен талқыға түсті" деп жазды Ertenmedia.
Мәжілістегі дереккөздің айтуынша, Назаровтың оқиғасынан кейін депутаттық корпус арасында ішкі тексеріс басталған.
«Ол ұсынған курс заңды түрде бұрыс болмаса да, депутаттың қоғамдық беделі мен ықпалын пайдаланған ондаған әйел алаяқтыққа ұласқан әрекеттерге барды. Бұл парламенттің репутациясына ауыр соққы», – дейді Ertenmedia дереккөзі.