Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бүркіт" арнайы жасақ қызметкері соққыға жыққан жігіттің анасы әділдік іздейді

17:36, 18 қыркүйек 2025 205

Ақмола облысында жасөспірім қызға барам деп басы бәлеге қалды, деп жазады Alash.KZ. 

Оқиға биыл қаңтар айында болған. 17 жастағы жасөспірім қыздың шақыруымен үйіне барған. Олар үйде оңаша қалған соң, арада біраз уақыт өткенде біреу есікті қаққан. Бұл қыздың ағасы болып шыққан. Ол "Бүркіт" арнайы бөлімінде қызмет етеді екен. 

Қыз жасөспірімге диван астына тығыл деген. Алайда құжаттарын алуға кірген ағасы баланы тауып алып, ұрып-соғып, қымбат ұялы телефонын тартып алған.

Енді жасөспірімнің анасы әділдік талап етіп отыр. Себебі қыздың ағасы әскери қызметкер болғандықтан сот оның жағына шығып кете ме деп қорқады.

Қазір іс Ақмола гарнизонында қаралып жатыр. Іс жәбірленушінің ауруына байланысты 22 қыркүйекке шегерілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар