Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1849 оқушыға 1 автобус: Алматы облысының оқушыларына автобус жетіспейді (ВИДЕО)

17:21, 18 қыркүйек 2025 102

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылындағы орта мектептің жағдайы көптен бері шешімін таппай келеді. Мектепте 1849 оқушы бар, олардың 1146-сы сабаққа бару үшін жалғыз автобусқа тәуелді, деп жазады Alash.KZ.

Балалар күнде таңертең сығылысып мінген көліктен жыртылған киім, түймесі үзіліп қалған жейдемен, шаршаған күймен түседі.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының есеп беруінде ауылдағы мектеп «жаңа салынып жатқан» нысан ретінде көрсетілгенімен, шын мәнінде ғимарат әлі күрделі жөндеуден толық өтпеген.

Ата-аналар мұндай көзбояушылыққа наразы. Олар биліктен жағдайды жасырмай, нақты шаралар қабылдауды талап етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар