Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзіне жуғызу керек" - Амантай қажының басы тағы да дауға қалды

19:40, 18 қыркүйек 2025 502

Амантай қажының басы тағы дауға қалды, деп жазады Alash.KZ. 

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды.

Сейфуллин – Райымбек көшелеріндегі жаңадан жөнделген көпірге күндіз еш қысылмай келіп, шимайлап, бүлдіріп кеткен. Мұндайларды әкімшілік жұмыстарға тартып, жасағанын өзіне жуғызу керек, дейді жазба авторы.

Ұлыс тілшісі бұл жағдайға қатысты полициядан ресми жауап беруін сұрады. 

Еске салайық, бұған дейін шілде айында әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Кейіннен Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар