Украина президенті Владимир Зеленский ABC News арнасына сұхбат беріп, Ресей президенті Владимир Путин жайлы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Путиннің мақсаты – Украинаны басып алу. [Путин - ред.], әрине, бізді түгелдей жаулап алғысы келеді. Бұл – ол үшін жеңіс. Ал ол бұған қол жеткізе алмаған кезде, жеңіс – біздің жағымызда. Сондықтан біз үшін тірі қалу бұл - жеңіс. Өйткені біз өзіміздің болмысымыздың, еліміздің, тәуелсіздігіміздің арқасында өмір сүріп жатырмыз», – деді Украина президенті.