Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зорлап, видеоға түсіріп, пышақпен қорқытқан”: Талғардағы қылмыс жайлы сұмдық дерек шықты

10:35, 08 қыркүйек 2025 699

Талғар ауданындағы қанды қылмысқа байьанысты тағы бір тың дерек шықты. Бұл туралы Today.info ақпараттық порталы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Адвокат Гауһар Сариева журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында дау-дамайдың неден басталғанын айтты.

«Еламан (күдікті - ред.) автомашиналарды Аружанның (жәбірленуші - ред.) атына аудара бастайды, екінші машинаны аударам дегенде ол қарсы болған. Сол кезде ол зорлап, фото, видеоға түсіреді. “Көнбесең осыларды бәріне таратамын” дейді. Әйелдің жалаңаш суреттерін, қарым-қатынаста болып жатқан видеоларын жұмысындағыларға жіберген. Қыздың қолын, көзін байлап тастап, видеоға түсірген», — деді Сариева.

Today.info мәлімдеуінше, адвокаттың айтуынша, күдікті де , жәбірленуші де ажырасқан. Екеуі бір мектепте оқыған. Аружанның бұрынғы некесінен екі жасар қызы бар. Күдікті сол қызды ұрлап кеткен еді.

«Әйел аптекада жұмыс істейді. Зорлықтан соң ол арыз жазған. Бірақ Еламан оны пышақпен қорқытып, арызын алуын талап еткен. Солай полицияға барып сот-медициналық сараптаманы алып кеткен. Интим фотоларын жібере бастаған соң, Аружан маған хабарласты»,- дейді ол.

Кейін олар тағы да арыз жазады, күдіктіні адвокаттың өзі полицияға ұстап береді. Алайда сақшылар оны жібере салған екен.

«Тәртіп сақшылары не үшін шара қолданбаған?» деген журналистің сұрағына адвокат өз пайымын айтты.

«Полиция қызметкерлерінің қызметтік көліктерін бояйды. Өзі автомаляр болып істейді»,- деді ол.

Еске салсақ, Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында 27 жастағы жігіт адам өлтіріп, кішкентай қызды кепілде ұстаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар