Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев: Қазақстанда заңсыз активтерді қайтару комитеті қайта құрылады

11:38, 08 қыркүйек 2025 106

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында Бас прокуратура жанындағы заңсыз активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

 «Мемлекеттік бюджетке шамамен 850 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражатқа 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салынды. Сонымен қатар, 235 денсаулық сақтау және 177 су инфрақұрылымы объектісінің құрылысы мен жаңғыртылуына жұмсалды. Алдағы уақытта республикалық бюджетке қосымша қаражат түседі деп күтілуде», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент Ұлттық банк базасында цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру қажеттігін атап өтті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар