Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз тыңдарманын тапқан танымал блогер Нұргелді Дракон орны толмас қазаға ұшырады, деп жазады Alash.kz.
Ол бүгін өзінің анасынан айырылғанын көпшілікке хабарлады.
Ерекше пранктары арқылы танылып, әр видеосын "Сәуле!" деп аяқтайтын Нұргелді көпшіліктің көңілінен шығып жүрген еді. Алайда өкінішке қарай, блогердің анасы Сәуле өмірден өтті.
Қаралы хабарды Нұргелдінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Қазақ блогерін жақсы көретін отандық және шетелдік жанкүйерлері көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.