Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей жұмбақ жағдайда қаза тапты

15:36, 06 қыркүйек 2025 370

Майор Владимир Синицын мен аға лейтенант Дәулетхан Қазыхан 6 қыркүйекте Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінен өздерінің әкімшілік учаскелеріне шыққан кезде қаза тапты, деп хабарлайды Аlash.kz.

Олардың жолда қалай және не себепті қаза болғаны әзірге белгісіз, деп жазды  Massaget.kz. Желіде жол апаты болған жерден кадрлар жарияланды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Солтүстік Қазақстан облысында Чистополье – Шоптықөл автожолында Chevrolet Cobalt пен Toyota Camry көліктері соқтығысып, екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Департаментте қаза тапқандардың ішкі істер органдарының қызметкерлері екені және қызметтік міндетін атқарып жүргені нақтыланды.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл айтты.

"Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Қызметтік борышын атқару барысында өмірін қиған қызметкерлердің есімі ішкі істер органдарының жадында қалады", – деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті трагедияның мән-жайын кейінірек жариялауға уәде берді.

Еске салайық, жазда Жетісу облысында да осындай қайғылы жағдай болған еді. Қызметтік міндетін атқару барысында екі полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар