Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалған ұтыс ісі: Жанабыловқа қатысты сот процесі басталды

13:10, 05 қыркүйек 2025 193

Елордада блогер Ерболат Жанабылов ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысты дау сотқа жетті, деп жазады Alash.kz. 

Оқиғаға оның Instagram желісінде жариялаған жарнамасы себеп болған. Жанабылов әлеуметтік желіде 11 автокөліктің ұтысын өткізуге уәде беріп, қатысу шарты ретінде репост жасауды жеткілікті деп көрсеткен. Бірақ іс жүзінде байқауға тек 30 мың теңге тұратын бизнес курсты сатып алғандар ғана қатыса алатыны анықталды. Көлікке үміткер боламын деген жүздеген адам соңында ақылы курсқа тап болған.

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық туғызып, көптеген азамат құқық қорғау органдарына шағымданды. Олар мұндай схеманың заңдылығын тексеруді талап етті.

Аталған шағымнан кейін іс сотқа жетті. Бүгінде Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогердің ісі қаралуда.

Сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. Залда блогердің өзі адвокатымен бірге отыр. Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен журналистер қатысуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар