Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Заңмен бекіткен" - Аймағамбетов мектептерде ұялы телефонға тыйым салудың қажеттілігін айтты

15:08, 04 қыркүйек 2025 285

Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою туралы батыл да орынды шешім қабылдады, деп жазады Alash.KZ мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың парақшасына сілтеп.

"Бұл – жеңіл шешім емес. Бірақ бүгінде еліміздің көптеген мектептері осындай ережелерді енгізіп, сол бағытқа бет бұрып жатыр. Мұндай бастаманы бірден түсініп, қолдай қою барлық ата-ана мен оқушы үшін оңай емес. Бірақ уақыт өте келе қоғамда бұл шешімнің мәні мен маңызын терең ұғынатын түсіністік қалыптасады" деп жазды мәжілісмен.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні ұялы телефон оқушылар үшін бас ауруға айналған. Мұғалімдер оқушылардың оқу үлгерімінің төмен, тәртібінің нащар болуын осы себеппен түсіндіруде. Сондықтан да Қазақстан мектептерінде ұялы телефонға тыйым салу қалыпты жағдай болуы керек. 

"Әлемдік тәжірибе бұл үрдістің дұрыс екенін көрсетіп отыр. Көптеген дамыған елдердің жетекші мектептерінде смартфонға тыйым әлдеқашан енгізілген және ол нақты нәтижесін беріп келеді. Тіпті кейбір Еуропа мемлекеттері бұл шектеуді заңмен бекіткен.

ЮНЕСКО деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай әлемдегі білім беру жүйелерінің 40 пайызы мектептерде смартфон қолдануға ресми түрде шектеу енгізген.

Бұл– технологиямен күрес емес, ол баланың ойын бөлмейтін, зейінін шашыратпайтын, шынайы білім мен қарым-қатынасқа жол ашатын орта қалыптастыруға бағытталған қадам" деп жазды Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар