Танымал актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі енесі жайлы жүрекжарды ойымен бөлісіп, оның асыл қасиеттерін атап өтті.
"Ананың анадан артықшылығы, анадан-ананың кемшілігі жоқ. Мен үшін аналарымның әрқайсысының орны ерекше! Менің шығармашылық шабытымды арттырып, үнемі қолдап жүретін тағы бір адам, ол – менің жолдасымның анасы, менің де Анам (енем). Өзі де өнер адамы болғандықтан да менің жанымды түсінеді, екеуміздің арамызда шығармашылық тандем", – деп жазды Айгүл Иманбаева.