Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ешкімге айтқым келмеді”: Тележүргізуші ел естімеген шындығын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

21:36, 02 қыркүйек 2025 492

Белгілі журналист, тележүргізуші Әйгерім Сейфолла ешкімге айтпаған жан сырын ақтарып, көз жасына ерік берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

– Жұмысқа шақыртуларды қабылдамай, 1 жылдан артық үйде отырдым. Ұлымның ерекше екенін ешкімге айтқым келмеді. Алайда аутизмі бар балалардың көбейіп бара жатқанын көріп, олардың аналарымен сөйлесіп, бұл диагноз ашық айтылу керек екенін ұқтым.

Міне, 4 жылдан асты мен ерекше балалар жайлы парақшамда, ютуб арнамда жиі айтып жүрмін. Бүгін еліміздің бас арнасы Qazaqstantv ұлттық арнасында эфирге шыққан “Қазір айтайық” әлеуметтік жобасында аутизмі бар балалардың жалпы білім беретін мектепте оқуы туралы өзекті мәселені көтердік.

Мені қолдаған Qazaqstantv арна басшылығына, ұжымыма алғыс. Біз мәселені ертеңге қалдырмай, қазір айтамыз!, – деп жазды журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар