Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Балаңыз қайтыс болды деп сатып жіберген”. АҚШ-та өскен қазақ қызы 25 жылдан соң ата-анасымен қауышты (ВИДЕО)

16:56, 01 қыркүйек 2025 465

АҚШ-та өскен қазақ қызы 25 жылдан кейін туған ата-анасымен табысты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Орал әуежайында түсірілген бейнежазбада 25 жыл бұрын қайтыс болды деп есептелген қазақ қызы туған ата-анасымен қайта қауышқан сәті көрсетілген. 

2000 жылы Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханадан жаңа туған сәбиінің шетінеп кеткені туралы хабарлаған. Алайда арада ширек ғасыр өткенде нәрестенің тірі екені белгілі болды.

Бүгінде бойжеткен АҚШ-тағы асырап алған әкесімен бірге туған еліне оралды. Қыздың әпкесі Айымгүл осы әсерлі сәтті видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

Қазіргі таңда баланың жоғалуына байланысты үш дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, олар сәбиді заңсыз шетелге жіберген деген күдікке ілінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар