Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа оқу жылы жеңістерге толы болсын”: Оқу-ағарту министрі Білім күнімен құттықтады (ВИДЕО)

09:05, 01 қыркүйек 2025 286

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!

Білім күні құтты болсын!”,- делінген құттықтауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар