Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алланың қалауымен жеңеміз”: Актер денсаулығы жайлы айтып, елді алаңдатып қойды (ВИДЕО)

12:27, 01 қыркүйек 2025 606

Актер, кинопродюсер Рамазан Амантай артық салмақпен күресіп жүргенін айтып, денсаулығы жайлы сыр шертті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, соңғы он жылда ол шамамен 88 келі артық салмақ қосып алған. Қазір салмағы 158 келіден асып кеткен. 

"158,5 келі... Болды, тоқтау керек. "Осы бала ауырмай ма?" деп сіздер де уайымдап кеттіңіздер. Ауырған ештеңем жоқ. Жай ғана өзімді жеңе алмай, еркелеп жүргенім болмаса. Өзімді қолға алатын уақыт келді. Ата-анам да, жақындарым да, бәрі уайымдай бастады. Бастау керек. «Қазақша бизнес» естеріңізде ме? Сол кезден бері, араға он жыл салып 88 келі қосып алыппын. Сұмдық па? Ештеңе етпейді, талай қиындықты жеңіп жүрміз. Алланың қалауымен бұны да жеңеміз. Сіздердің көз алдарыңызда семірдім, енді көз алдарыңызда арықтаймын», –  деді актер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар