Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Балаларыныздың жетістіктеріне қуанып отыруды тілеймін”: Асхат Аймағамбетов Білім күнімен құттықтады

11:20, 01 қыркүйек 2025 263

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы, білім мен ізденістің, үміт пен армандардың мерекесі.

Бұл күн – әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер, болашақ студенттер мен жас мамандар үшін ерекше маңызды.

Ұстаздарымызға – шығармашылық табыс пен еңбектерінің жемісін көруді, ата-аналарға – балаларының жетістіктеріне қуанып отыруды тілеймін.

Жаңа оқу жылы сәтті басталып, баршаңызға шабыт пен жетістік әкелсін!”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар