Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Апатты жою бойынша қажетті шаралар қабылдануда”. Шұғыл! Өскеменде көпір құлады (ВИДЕО)

14:33, 01 қыркүйек 2025 271

Өскемен қаласындағы Шнайдар көпірі жартылай құлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қала әкімі Алмат Ақышовтың хабарлауынша, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен арнайы топтар жіберілді, олардың жұмысы тұрақты бақылауда.

“Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдануда. Барлық күштер мен ресурстар көпірді қалпына келтіру мен жағдайды тұрақтандыруға жұмылдырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Барлық тұрғындарды сабыр сақтауға және апат болған аймақтан аулақ болуға шақырамын. Бұл жағдай біздің назарымызда, және барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр”,- деп жазды Өскемен қаласының әкімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар