Жуырда ғана бесінші сәбиін босанған Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарып, оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Өмірімнің жана парағы… Жаңа қадам, жаңа адам, жаңа мен. Осы жолы үлкен тәжірибемен!
Жағдайымызды жақынымыздан артық сұрап, іздеп жатқан жандарға алғыс! Шүкір! Мен де, бөпешка да жақсымыз.Осыдан 3-4 жыл бұрын өткен жолыма қарасам одан да қорқынышты әрі қиын болған еді… Ал қазір мені өсіріп-пісірген сол өткеніме рақмет айтамын!Жаратқанның бергенінен берері мол!
Сондықтан 5 жұлдызыммен одан әрі мықты, батыл, бақытты болып алға қадам басамыз.
Болса бір хайыр! Болмаса мың хайыр!”,- деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.