Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kaspi Bank, Jusan, Forte және өзге банктердің қызметкерлері алаяқтық қылмысқа қатысты ұсталды

15:18, 02 қыркүйек 2025 229

Kaspi, Forte, Jusan және Еуразиялық банк қызметкерлерінің қатысуымен 25 адамнан құралған қылмыстық топ 348 қазақстандықтың атына заңсыз несие рәсімдеп, 3,7 млрд теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Alash.kz

Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік осал азаматтарды алдап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

ҰҚТ құрамында еліміздің әр өңірінен 25 адам болған. Олардың арасында бірқатар банктердің («Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan Bank») қызметкерлері де бар. 5 жылдан астам уақыт бойы жасалған алаяқтық әрекеттердің құрбаны – 348 азамат. Келтірілген залал 3,7 млрд теңгені құрады.

Тергеу барысында Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер учаскелері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленді. Заңсыз иемденілген мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.

Қазіргі таңда барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сот қарауына берілді.

Alash.kz ескертеді: абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар