Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа тарау”: Сүйінші! Димаш Құдайберген көптен күткен қуанышты жаңалығын жария етті

18:52, 02 қыркүйек 2025 2309

Қыркүйек айында Қазақстанда Қытай-Қазақстан бірлескен жаңа халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталады. Продюсерлік жұмысты белгілі әнші Димаш Құдайберген атқарады. Қуанышты жаңалықты dimashnews.com сайты хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Жобаға әлемнің әр түкпірінен вокалистер қатысып, еліміздің ең көрікті аймақтарына саяхат жасайды. 

Түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.

Шоу халықаралық арналар арқылы бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрермен Қазақстанның сұлулығын және түрлі елдердің жаңа орындаушыларын тамашалауға мүмкіндік алады.

“Бұдан он жылға жуық уақыт бұрын Hunan TV арнасындағы «Мен – әншімін» жобасымен үлкен сахнаға жолым басталды. Бүгін мен жаңа рөлде – халықаралық шоу авторы ретінде қайта оралып отырмын. Бұл – дүние жүзіндегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық пен музыка тарихында жаңа тарауды ашады”, – деді Димаш Құдайберген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар