Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бестеректегі қайғылы оқиға: Атышулы жағдайға байланысты тың дерек шықты

21:40, 03 қыркүйек 2025 218

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы Бестерек ауылында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайына қатысты ақпарат таратты. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Басқарманың мәліметінше, Астанаға жеткізілген 2016 және 2018 жылы туған екі бүлдіршіннің жағдайы тұрақталып, оларды ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр.

"Барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізілді. 2 қыркүйекте баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын деп бағаланды. Шағымы жоқ, тәбеті жақсы. Бала белсенді. Ертең, 4 қыркүйекте ауруханадан шығады", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, 7 жасар ұл баланың да денсаулығы жақсарып келеді. Жоспарға сәйкес, ол да 4 қыркүйек күні үйіне қайтарылады.

Ал Семейдегі ауруханада жатқан 2015 жылғы жеткіншектің жағдайы әлі де өте ауыр. Ол комада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімге барлық қажетті емдік шаралар жасалуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар