Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл жаңалық! Путин мен Зеленскийдің кездесуі өтетін жер ауысып кетті

18:35, 03 қыркүйек 2025 575

Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің тікелей келіссөздері Женевада өтуі мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, Женева – атысты тоқтату туралы келісімге қол қою үшін қолайлы орын. Бұл туралы ол Берлинде Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттермен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Мерц бұл швейцариялық қаланы саммит өткізу алаңы ретінде 4 қыркүйекте Парижде өтетін Украина бойынша "ынталылар коалициясының" кездесуінде ұсынатынын нақтылады. Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон да Путин мен Зеленский келіссөздерін Женевада өткізуді қолдаған болатын.

Өз кезегінде Келлер-Зуттер Швейцария билігі Зеленский мен Путиннің Женевадағы екіжақты кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, көптеген халықаралық ұйымның кеңселері орналасқан бұл қала бейбіт келіссөздер үшін "тамаша орын".

"Маңыздысы – бұл адамдар бір-бірімен сөйлесуі, аз да болса алға қадам жасауы және осы соғыстың тоқтауы. Бірақ, әрине, бәрі тараптардың келіссөздер үстеліне отыруға дайын болуына байланысты болады", – деп атап өтті Швейцария президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар