Аустралияда атақты боксшы, Еуропа чемпионы Джо Багнер дүниеден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Ауыр салмақта өнер көрсеткен спортшы 75 жасында қарттар үйінде қайтыс болды. Оның өліміне қатысты нақты себеп жарияланған жоқ.
Жо Багнер әлем боксы тарихында 1973 және 1975 жылдары Мұхаммед Әлиге қарсы өткізген жекпе-жектерімен есте қалған. Екі кездесу де толық 15 раундқа созылып, төрешілердің шешімі бойынша жеңілісті мойындаған. Соған қарамастан ол Еуропа чемпионы атанып, ең үздік ауыр салмақты боксшылардың ондығына енген еді.
1976 жылы рингтегі мансабын аяқтаған спортшы кейіннен кино әлеміне қадам басты. Оның актерлік жолындағы танымал фильмдері қатарында «Оны бульдозер деп атайтын», «Дельта үйі», «Қауіпті байланыс», Жан-Клод Ван Дамммен бірге түскен «Көше жауынгері» және «Жердің орталығына саяхат» атты картиналар бар.