Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Онлайн-казино жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

15:32, 04 қыркүйек 2025 105

Сенатор Геннадий Шиповских заңсыз онлайн-казино мен күмәнді гивтерді жарнамалайтын блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оның айтуынша, соңғы 2,5 жылда Қазақстанда 205 жасырын казино жабылып, 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тек биылдың өзінде онлайн-казиноны жарнамалаумен айналысқан 34 блогер анықталды. Оның ішінде 11-іне айыппұл салынса, 23 жағдай бойынша материалдар Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданған.

Алайда сенатордың сөзінше, тіпті қайталанған айыппұлдардың өзі нәтиже бермейді, өйткені жарнамадан түсетін табыс айыппұл көлемінен бірнеше есе жоғары.

Сондықтан Шиповских қылмыстық жауапкершілік енгізуді, гивтердің заңдылығын тексеру үшін мониторинг жүйесін құруды, сондай-ақ төлем ұйымдары мен жарнама агенттіктерінің қызметін бақылауды ұсынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар