Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"13 бет арналған" - Бұдан былай тарих оқулығында Назарбаев оқытылады

09:19, 04 қыркүйек 2025 451

Желіде 8-9 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы оқулығында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған жеке бөлім енгізілгені туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ сайты Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Орталық оқулықтың жаңартылған білім мазмұнының типтік бағдарламасына, оқу-ағарту министрлігі бекіткен талаптарға сәйкес дайындалғанын атап өтті.

"Бұл бағдарламаға сәйкес тұңғыш президентке арналған бөлім "Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жаңғыруы (1991-1996 жылдар)" тақырыбына енгізілген.

2024 жылы Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-сынып оқулықтарының мазмұны ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жаңартылды. Бұл оқулықтар қайта басылып, 2024–2025 оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізілді,

Ол тәуелсіз мемлекет қалыптасуы контекстінде қарастырылады және елдің жаңа заман тарихындағы маңызды оқиғаларды зерделеудің бір бөлігі ретінде ұсынылады", – делінген хабарламада.

Әуелі бұл мәселе туралы журналист Михаил Козачков жазған болатын. 

- Ата-аналар жиналысына неге бару маңызды? Мысалы, ондай жерде мектеп оқушыларына әлі күнге дейін елбасының жеке тұлғасын дәріптеу үйретіліп жатқанын білуге болады. Мұндай ұғым заңнаманың өзінде жоқ. Жеке бір адамға 13 бет арналып, оның суреттері сансыз көп берілген, – дейді журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар