Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қайрат» - «Реал» матчына билеттер қашан сатылатыны белгілі болды

13:29, 04 қыркүйек 2025 103

Спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, билеттерді сату құқығы «Қайрат»-қа тиесілі, деп жазады Alash.KZ.

«Бүгінгі таңда біздегі ақпаратқа сәйкес, билеттер ойын өтетін күнге дейін 10 күн қалғанда сатыла бастайды. Яғни, егер матч 30-ы өтетін болса, билеттерді 20-нан бастап сатып алуға болады», - деді ол.

Билет құны қанша болатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, тарихи кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Бұған дейін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та әлем назарын аударған Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол матчына қатысты пікір білдірген болатын. 

— Қазір бар назарды чемпиондар лигасының өз алаңымызда өтетін матчқа дайындыққа аударып отырмыз. Алматыдағы стадион УЕФА-ның төртінші санаттағы аренасы, стандарттарға сәйкес келеді, ойынды сонда өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, аталған стадионда бұған дейін де жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізілген.

— Солардың аясында дайын екенімізді, инфрақұрылымның ауқымды іс-шараны өткізуге әзір екенін көрдік. «Реалмен» өтетін матчқа УЕФА квотасына сәйкес шамамен 4–5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр, — дейді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысы матч билетінің құнына қатысты ойын ортаға салды.

— Қазір билет бағасына қатысты нақты ақпарат жоқ, бұл бағытта клуб УЕФА-мен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Барлық ақпарат клубтың ресми сайтында жарияланады. Бұл клуб пен УЕФА арасындағы келісім, мемлекеттің араласуға құқығы жоқ, — деп қысқа қайырды Туризм және спорт министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар