Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ким Чен Ын ауыр сырқат па?" - Солтүстік Корея президенті Бейжіңге жеке дәретханасымен барған

17:07, 04 қыркүйек 2025 379

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Пекинге іссапары кезінде өзінің жеке дәретханасын апарған. Бұл туралы Оңтүстік Корея мен Жапония барлаушыларына сілтеме жасап, жапонияның Nikkei басылымы хабарлады, деп жазады Alash.KZ  сайты Азаттыққа сілтеп.  

Барлаушылар Ким денсаулығы жайлы ақпараттарды жасыру үшін жеке дәретханасын алып барған дейді.

Ким Чен Ын Қытайдың Пекин қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, кейін Қытай басшысы Си Цзиньпин ұйымдастырған әскери парадқа қатысқан.

Кремльшіл журналист Александр Юнашев телеграмында Путин мен Кимнің кездесуінен кейін солтүстік кореялық қызметкерлер Ким Чен Ын отырған орындықты, үстелді, қол тиген жерлердің бәрін қайта-қайта сүртіп жатқаны көрінетін видео жариялады.

Сарапшылар Солтүстік Корея осы арқылы Ким Чен Ын жайлы қандай да бір ақпараттар басқаның қолына түспеуді қадағалайды дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар