Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектеп формасын бұздың деп айыптаған". 17 жастағы оқушы қыздың өзді-өзіне қол жұмсағаны хабарланды

09:08, 06 қыркүйек 2025 853

Алматының жекеменшік мектептерінің бірінде 17 жастағы қыздың өзді-өзіне қол жұмсағаны хабарланды. Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болған, деп жазады Alash.kz.

"2GIS түсініктемелерінде пайдаланушылар баланы қорлау мен қорқыту арқылы әкелгенін жазады. Біреу мұның бәрі бүкіл мектептің көзінше болған деп жазды, бірақ нақты не болғаны әлі белгісіз", — делінген хабарламада.

Полиция департаменті "өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша тергеуді бастағанын хабарлады. Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мектеп әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты. 

Қайтыс болған мектеп оқушысының 17 жаста болғаны жазылды. 1 қыркүйектегі жиынға ол бейресми киініп барған, соған бола бас директор ұрысқан деп хабарланды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мектептерде буллинг үшін айыппұл салынатыны хабарланған болатын. Буллинг үшін айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге). Қайта бұзғаны үшін айыппұл 30 АЕК (117 960 теңге) дейін ұлғаяды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар