Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Израиль әуежайына дрон соққысын жасады” - Хуситтердің жаңа шабуылы туралы тың дерек шықты

18:55, 07 қыркүйек 2025 331

Израильдің оңтүстігінде орналасқан Эйлат қаласында төтенше жағдай тіркелді. Йемен аумағынан ұшырылған хуситтердің дроны Рамон әуежайына соққы берген, деп жазады Alash.kz.

Әуе соққысынан кейін аймақтағы әуе кеңістігі уақытша жабылды. Израиль Қорғаныс күштері хуситтердің бірнеше дрон ұшырғанын, алайда олардың бір бөлігі ел шекарасына жетпей жойылғанын мәлімдеді.

Қазір зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланып жатыр.

Бұл - соңғы айларда тіркелген алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, мамыр айында хуситтер ұшырған зымыран Бен-Гурион халықаралық әуежайының маңына түсіп, төрт адам жарақат алған болатын. Ол кезде Израиль тарапы жауап ретінде Йемен астанасы Сананың басты әуежайына әуе шабуылын жасап, оның жұмысын тоқтатты.

Қазіргі таңда Израиль билігі аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрғындарды сақтыққа шақыруда. Хуситтердің дрон және зымыран шабуылдары аймақтағы жағдайдың одан әрі ушығуына себеп болып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар