Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күдіктіні ұстап, тиісті шара қолданбаған” - Прокуратура Талғар полициясы үстінен іс қозғады

18:20, 07 қыркүйек 2025 311

Алматы облысында болған жантүршігерлік жағдайдан соң прокуратура полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабаплайды Alash.kz.

Прокуратураның мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктіні уақытылы ұстау және тиісті шара қолдануда салғырттық танытқан. 

“Полиция күдіктіні ұстау және тиісті шаралар қолдану жұмыстарын қабылдамаған. Нәтижесінде ол Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлап әкеткен”, – делінген ресми хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігіне (лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі) сәйкес тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар