Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өзіміз концерт қойып аламыз!” - Концерті шегерілген әншінің жанкүйерлері Алматы көшелерінде жиналды (ВИДЕО)

19:36, 07 қыркүйек 2025 324

Алматыда жоспарланған Макс Корждың концерті өтпей қалғанымен, мыңдаған тыңдарман қаланың түкпір-түкпірінде бас қосып, нағыз халықтық шоуға айналған ерекше кеш өткізді, деп жазады Alash.kz.

Кешкісін Шымбұлақ, Медеу мен саябақтарда үлкен топтар жиналып, алау жағып, сүйікті әндерін бірге шырқады. Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбалардан мыңдаған адамның бір ырғақпен ән айтып, ерекше атмосфера тудырғанын көруге болады.

Ұйымдастырушылардың концертті тоқтатуы көңілге қаяу салғанымен, тыңдармандар бұл сәтті мерекеге айналдыра білді. Шамамен 40 мыңға жуық адам бір-біріне қолдау көрсетіп, ресми сахнасыз-ақ көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жанкүйерлердің айтуынша, Алматыдағы бұл бейресми кездесу ресми концерттен кем түспеген. Керісінше, шынайы эмоция мен еркін атмосфера кешті ұмытылмас етіп қалдырған.

Еске салсақ, 6-қыркүйекте өтетін Макс Корждың ән кеші ұйымдастырушылар тарапынан тоқтатылған еді. Бұл жаңалыққа қарсы болған жанкүйерлер мемлекет басшысына дейін үндеу жасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар