Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бөгде ер адам қол тигізуге болмайды. Әйелдер құтқарусыз қалып жатыр” - Ауғанстандағы зілзала туралы сұмдық ақпарат шықты

20:06, 07 қыркүйек 2025 355

4 қыркүйекте Ауғанстанда 5,6 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Желалабад қаласынан 41 шақырым солтүстік-шығыстағы өңірде айтарлықтай зардап әкелді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жергілікті тұрғындар қираған үйлердің астында қалып, құтқарушылар апат аймағында шұғыл жұмыс жүргізді. Алайда шетелдік БАҚ-та тараған деректерге қарағанда, әйелдерге көмек көрсету кешіктірілген. The New York Times басылымы жазғандай, Ауғанстандағы мәдени нормаларға сәйкес, бөгде ер адамдардың әйелдерге қол тигізуіне қатаң тыйым салынған. Осы себепті құтқарушылар алдымен ерлер мен ұл балаларды үйінді астынан алып шыққан. Ал қыз-келіншектер мен жасөспірім қыздар ұзақ уақыт назардан тыс қалған.

Куәгерлердің айтуынша, құтқару жұмыстары кезінде ешкім әйелдерге қол ұшын созбаған, олардың жағдайын сұрап, не қажет екенін анықтамаған. Бұл жайт әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын тудырды.

Апаттан кейінгі ахуал аймақтағы мәдени дәстүрлердің төтенше жағдайда қандай қиындықтарға әкелетінін айқын көрсетті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар