Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ресейге санкцияның екінші кезеңін енгізуге дайынмын” - Трамп күтпеген мәлімдеме жасады

21:34, 07 қыркүйек 2025 327

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қысымды күшейтуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Reuters агенттігі жазғандай, АҚШ президенті Украинадағы соғысқа байланысты шектеулерді күшейтуге әзір екенін атап өтті. 

“Ресейге қарсы екінші кезең санкцияларын енгізуге дайынмын”, – деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін Ақ үй өкілдері жаңа шектеулер мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Ұлттық экономикалық кеңестің басшысы Кевин Хассетт те бұл ақпаратты растап, Трамп әкімшілігінің жаңа шектеу шараларын талқылап жатқанын мәлімдеді. Дегенмен, тамыз айында Дональд Трамп Ресейге қосымша экономикалық қысым жасауға асықпайтынын, жаңа санкцияларды енгізуге ниеті жоқ екенін айтқан болатын.

АҚШ-тың бұл қадамдары халықаралық қауымдастық назарын өзіне аудартып отыр. Сарапшылардың пікірінше, егер екінші кезеңдегі санкциялар жүзеге асса, Ресей экономикасына елеулі ықпал етуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар