Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Қарин: Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды

13:30, 08 қыркүйек 2025 156

Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді.

Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды”,- деп жазды Қарин. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар