Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Саиров: Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда бір палаталы Парламент бізге қажет

14:41, 08 қыркүйек 2025 439

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Ерлан Саиров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру туралы бастамасына қатысты Alash.kz ұлттық порталына пікір білдірді.

“Қазақстан унитарлы мемлекет болғандықтан заң шығару және осы заңдардың бақылау процесінің барлығы бір жерде жұмылғаны дұрыс.

Бүгінгі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, дүниежүзілік саясат турбулентті жағдайға енді. Геосаяси жағдай өте күрделі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлемде жанжалдардың туындау қаупі артып келеді.

Сондықтан баршамыздың ең басты міндетіміз - Қазақстанның біртұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау. Ол үшін саяси шешімдер бір институт аясында шоғырланғаны өте дұрыс. 

Осы тұрғыдан алғанда бір палаталы Парламент қажет. Қазақстан унитарлы мемлекет болғандықтан бір палаталы Парламенттің болғаны біз үшін өте қолайлы.

Депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау халықаралық тәжірибеде бар. Бұл - партиялардың арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, азаматтық қоғам мен партиялар арасындағы қарым-қатынастың артуына алып келеді. Демек, бұл елімізде партиялардың жаңа саяси институт ретінде қалыптасуына жол ашады”,- деді саясаткер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар