Боксшы Назым Қызайбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионаты басталғанын айтып, желідегі парақшасында жанкүйерлеріне арнап жазба арнады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Баршаңызға сәлем! Жаттығумыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4 ші күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді», — деп жазды Назым Қызайбай.