Бұл съезді ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатовтар. Съезге Самарханд облысы мен Алтай губернниясы атынан - 58 өкіл, әр түрлі қазақ ұйымдарынан - 8 өкіл, арнайы шақырумен - 15 адам, барлығы - 81 адам қатысқан.
Алғаш болып баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Осы баяндама бойынша қаулы қабылданып, қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесін құру мәселерін қарауға жеті адамдық комиссия құрылған. Комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды. Баяндама негізінде:
1. Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарханд облыстары, Амудария, Закаспий облыстарындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы қазақтар қазақ автономиясының құрамына кіреді.
2. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын. Ұлт кеңесі құрылып аты «Алаш Орда» болсын. Алаш Орданың ағзасы (мүшесі) 25 адам болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырылсын.
3. Алаш орданың уақытша орны - Семей қаласы болсын.
Алашорда үкіметінің мүшелері:
1. Уәлитхан Танашев (1887 - 1968) заңгер, Бөкей ордасынан.
2. Халел Досмұхаммедов (1883 - 1939) әскери дәрігер, Орал облысынан.
3. Айдархан Тұрлыбаев (1877 - 1937) заңгер, Ақмола облысынан.
4. Ахмет Бірімжанов (1871 - 1927) заңгер, Торғай облысынан.
5. Халел Ғаббасов (1888 - 1931) физик-математик, Семей облысынан.
6. Салық Аманжолов (1889- 1941) заңгер, Жетісу облысынан.
7. Мұстафа Шоқай (1890-1941) заңгер, Сырдария облысынан.
Облыстардан тысқары:
8. Әлихан Бөкейханов (1866-1937) Алаш Орда үкіметінің төрағасы.
9. Жанша Досмұхаммедов (1887 - 1930) заңгер, Орал облысынан.
10. Әлімхан Ермеков (1891-1970) математик, Қарқаралыдан.
11. Мұхаметжан Тынышпаев (1879-1937) Орал облысынан.
12. Бақтыкерей Құлманов (1859-1919) шығыстанушы, Бөкей ордасынан.
13. Жақып Ақпаев (1876-1931) заңгер, Қарқаралыдан.
14. Базарбай Мәметов заңгер, Лепсіден.
15. Отыншы Әлжанов (1873-1918) мұғалім, Шығыс Қазақстаннан.
Мүшелікке кандидаттар:
1. Иса Қашқынбаев (1891-1948) дәрігер, Орал облысынан.
2. Нүсіпбек Жақыпбаев (190-1932) дәрігер, Жетісудан.
3. Ережеп Итбаев (1873-1930) заңгер, Шығыс Қазақстаннан.
4. Сатылған Сабатаев (1874-1921) Қаскелеңнен.
5. Есенғали Қасаболатов (1889-1938) дәрігер, Оралдан.
6. Батырқайыр Ниязов (1872-1924) заңгер, Бөкей ордасынан.
7. Мұқыш Боштаев (1888-1921) заңгер, Баянауылдан.
8. Сейілбек Жанайдаров (1884-1929) заңгер, Атбасардан.
9. Сәлімгерей Нұралиханов (1878-ө.ж.б) заңгер, Бөкей ордасынан.
10. Өмір Алмасов (?-1922) халық мұғалімі, Торғайдан,
11. Сейдәзім Қадырбаев (1885-1938) заңгер, Торғайдан.
12. Аспандияр Кенжин (1887-1938) халық мұғалімі, Атыраудан.
13. Молданияз Бекімов (1882-1930 жылдардан соң белгісіз) әскери қызметкер, Оралдан.
14. Есен Тұрмағамбетов (?-?) Торғайдан.
15. Жанеке (Жақып) Солтоноев, мал дәрігері, қырғыз.
Алашорданың оқу комиссиясының мүшелері:
1. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жыл).
2. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1917 жылы).
3. Елдес Омаров (1892-1937) Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жыл).
4. Биахмет Сәрсенов (1885-1921) Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген.
5. Телжан Шонанов (1894-1938) Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).
Сиезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтап қалу үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - Семей (кейін Алаш-қаласы атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «Сиездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады...». Бірақ, отарландыру саясатын ұстанған Ресейде қазақтардың дербес автономияда өмір сүруіне жол берілмеді. Сондықтан Алаш арыстары ұлт бостандығы үшін бәлшебектермен ұзақ-сонар күресін бастап кетті...
Дәулетқали Асауов
АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫНА КІМДЕР МҮШЕ БОЛДЫ?

“Путин бізді түгелдей жаулап алғысы келеді, біз үшін тірі қалу жеңіс”. Зеленский маңызды мәлімдеме жасады
20:27, 08 қыркүйек 2025 38
"Дұғада болыңыздар, сынайтындар онсыз да жетеді": Назым Қызайбай желіде жазба жариялады
17:36, 08 қыркүйек 2025 409
Тоқаев: “Жастар әсіредіншілдікті қолдамайды. Ғылым-білімге ұмтылған жастарға қолдау көрсете береміз”
16:06, 08 қыркүйек 2025 302
Ерлан Саиров: Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда бір палаталы Парламент бізге қажет
14:41, 08 қыркүйек 2025 506
Сенат тарай ма? Тоқаев бірпалаталы Парламент құру туралы бастама көтерді
12:47, 08 қыркүйек 2025 370
Тоқаев: Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек
12:15, 08 қыркүйек 2025 231
“Бірінші цифрлық қала болуы керек”: Тоқаев Алатау қаласына ерекше мәртебе берілетінін мәлімдеді
11:48, 08 қыркүйек 2025 183
“Зорлап, видеоға түсіріп, пышақпен қорқытқан”: Талғардағы қылмыс жайлы сұмдық дерек шықты
10:35, 08 қыркүйек 2025 854
“Менің кінәм”: Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді
09:55, 08 қыркүйек 2025 396
Трамп Қазақстанға келе ме? - АҚШ президенті Тоқаевқа сәлем жолдады (ВИДЕО)
09:06, 08 қыркүйек 2025 346
“Ресейге санкцияның екінші кезеңін енгізуге дайынмын” - Трамп күтпеген мәлімдеме жасады
21:34, 07 қыркүйек 2025 528
“Өзіміз концерт қойып аламыз!” - Концерті шегерілген әншінің жанкүйерлері Алматы көшелерінде жиналды (ВИДЕО)
19:36, 07 қыркүйек 2025 446
“Израиль әуежайына дрон соққысын жасады” - Хуситтердің жаңа шабуылы туралы тың дерек шықты
18:55, 07 қыркүйек 2025 511
“Күдіктіні ұстап, тиісті шара қолданбаған” - Прокуратура Талғар полициясы үстінен іс қозғады
18:20, 07 қыркүйек 2025 504
“Қабырғаңды сындырамын!” - Түркістан облысында ер адам қарияны аямай ұрып, балағаттаған (ВИДЕО)
17:42, 07 қыркүйек 2025 2666
“Путин - әйел мен балаға шабуылдайтын нағыз қорқақ” - Чехия министрі Путиннің әрекетін ауыр сынады
16:41, 07 қыркүйек 2025 638
“Балаңды атып келдім! Қызыңды тауып бер!” - Талғардағы оққа ұшқан жігіттің отбасы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
15:50, 07 қыркүйек 2025 2940
“100 мың оқушының арасында АБСОЛЮТТІ чемпион” - Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
14:59, 07 қыркүйек 2025 570
Нұрбек пен Махмұд сынға түседі: Бүгін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
14:23, 07 қыркүйек 2025 365
"Украина жері Ресейдікі болғанда ғана...": Рамзан Қадыров ел күтпеген мәлімдеме жасады
13:45, 07 қыркүйек 2025 2865