Алматыдағы Нархоз университеті шешім шығарып, қазақ тілінен бас тартты деп хабарлайды Alash.kz. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, бұл жоғары оқу орнында ең маңызды төрт факультеттің орыс және қазақ топтары жабылған.
Енді Narxoz-да экономика, қаржы, есеп, қаржылық тәуекелдерді басқару және ақпараттық технологиялар салаларында білім алғысы келетіндердің барлығы ағылшын тілін білуі керек. Өткен жылы да бұл мамандықтар бойынша бірде-бір қазақ тобы болған жоқ. Биыл олар да «қазақтарды» қабылдамауға бел байласа керек.
Сондықтан Narxoz студенттері тек ағылшын тілінде білім алады. Бірақ, әрине, ол жерде ағылшын тілінде мінсіз сөйлейтін студенттер жоқтың қасы, барлық сабақтарды 100% ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер де жоқ.
Сондықтан, Narxoz мұғалімдері мен студенттері барлық сабақтардың нақты ағылшын және орыс тілдерінің белгілі бір қоспасында өтетінін мойындауға мәжбүр екенін айтты журналист.
“Бұл барып тұрған бассыздық. Қазақ тілін құртудың төте жолы. Себебі дүниежүзі сөйлейтін тілде сабақ береміз деген сылтаумен қазақ тілін тұқыртып отыр. Нархозға негізінен ауыл балалары келіп оқиды. Ағылшын емес орысшаны әрең түсінетін жастардың санасын да тілін де қойыртпақтап жатыр деуге негіз бар.
Биылғы құрылтайда Президент қазақ тілін меңгергендер 70 пайыздан асты деп айтты. Ал, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев қазақша сөйлейтіндер саны 81 пайызды құрайды деп сұхбат бергені есімізде. Ендеше қазақ елінде, қазақтың жерінде Нархоздың қазақша оқытпаймыз дегені қай сасқаны? Бұл қазақтардың құқын таптау емей немене?
Қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деген мемлекет саясатына Нархоз басшылары қасақана қастандық қылып отыр”, деп жазды журналист.
Нархоз университеті мемлекеттік тілден бас тартты

"Қылмыстық іс қозғалды" - Ақтөбеде танымал рэпер Qarakesek ұсталды (ВИДЕО)
20:39, 04 қыркүйек 2025 291
«Бір әйел жоқ»: Алматыда бұрынғы бас мүфти 350 еркекті шақырып, қызын ұзатты
18:46, 04 қыркүйек 2025 631
"4 жыл жазасын өтеуі тиіс еді" - актрисалардың өліміне себепкер болған жүргізуші қалай бостандықта жүр?
17:45, 04 қыркүйек 2025 235
"Ким Чен Ын ауыр сырқат па?" - Солтүстік Корея президенті Бейжіңге жеке дәретханасымен барған
17:07, 04 қыркүйек 2025 527
Онлайн-казино жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
15:32, 04 қыркүйек 2025 181
"Заңмен бекіткен" - Аймағамбетов мектептерде ұялы телефонға тыйым салудың қажеттілігін айтты
15:08, 04 қыркүйек 2025 457
"Африкада да мұндай мектеп жоқ шығар". Апатты жағдайдағы ауыл мектептері биліктің назарын күтуде (ВИДЕО)
14:42, 04 қыркүйек 2025 310
"Тоқаев 2026 жылы БҰҰ бас хатшысы болуы мүмкін" – Петр Своик ерекше мәлімдеме жасады
14:09, 04 қыркүйек 2025 564
"Шығын өтеледі" - Перизат Қайраттың дүние-мүлкі аукцион арқылы сатылатын болды
13:50, 04 қыркүйек 2025 302
"Оқушылар 3 жылдан бері кафе мен әкімдік ғимаратында оқып жүр" - Мәжіліс депутаты дабыл қақты
12:14, 04 қыркүйек 2025 281
"2,4 миллион теңге" - «Қазақстан халқына» қорының басшысы қымбат күртешесімен көзге түсті
11:57, 04 қыркүйек 2025 504
"Құлындаған дауысы шықты" - Жамбыл облысында туған қызын зорлаған ер адамға қатысты тың ақпарат шықты
10:54, 04 қыркүйек 2025 1657
"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова қазақтың бұлбұл әншісін еске алды (ВИДЕО)
20:00, 03 қыркүйек 2025 5441
"Суға батырып, аяғын сүйгізген": Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлап, мазақ қылған (ВИДЕО)
16:10, 03 қыркүйек 2025 951