Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жанашыр адам секілді көрінді": ірі компаниялар Перизат Қайраттың қорына неліктен қомақты қаражат аударғанын айтты

12:40, 16 шілде 2025 190

Астана қаласында атышулы қайырымдылық жобасымен танылған Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің нұсқасына сәйкес, айыпталушы анасымен бірге 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл іске байланысты тергеу барысында көптеген жаңа мәліметтер белгілі болуда. Соның ішінде, Perizat Qairat бастаған "Biz Birgemiz" қайырымдылық қорына бизнес өкілдері ірі көлемде қаражат аударған. Мысалы, 2024 жылғы 10 мамырда белгілі бір акционерлік қоғамның шотынан қорға 200 миллион теңге түскені белгілі болды.

Компания өкілі бұл шешімді неге қабылдағанын былай деп түсіндіреді:

"Бізге бұл ұйым сенімді әрі салмақты құрылым болып көрінді. Әлеуметтік желілер мен интернетте қорды насихаттаған жарнама өте көп болды. Әсіресе, Перизат Қайраттың атынан жарияланған "несиені тоқтату" туралы үндеуі әсер етті. Ол халыққа шын жанашыр адам секілді көрінді", – дейді олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар