Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бізге ештеңе болмайды деп ойлау - қате”. Сарапшы Трамп Қазақстанға ескерту жасағанын айтты (ВИДЕО)

13:00, 15 шілде 2025 1407

Экономика ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Жангелді Шымшықов "Qasqa Jol" YouTube-арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстанға қатысты айтқан соңғы мәлімдемесінің артында не тұрғанын ашып айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Біз көршілерімізге салынған экономикалық санкциялардың арасында қаламыз. Бұл - біздің экономикамызға, логистикамызға, тіпті ұлттық қауіпсіздігімізге дейін әсер ететін мәселе. Қазақстан үшін бұл ескерту - үлкен белгі. Әлемдік саяси шахмат тақтасында бізге де жүріс жасау керек.

Қазақстан билігі бұл мәселені дұрыс түсінуі керек. Ресей мен Қытайдың ортасында отырып, бізге ештеңе болмайды деп ойлау – қате. АҚШ Трамп арқылы немесе басқа президент арқылы бізге “өз бағытыңды” таңда деген белгі беріп отыр.

Америка ашық айтпайды, бірақ астарлап айтты: “Кімнің жағындасыңдар? Қай тарапты таңдайсыңдар?” деген сұрақ тұр. Егер біз Ресей мен Қытайға тым жақындап кетсек, Батыстың экономикалық санкциялары бізге де тиеді. Егер тепе-теңдікті сақтамасақ, қауіп күшейеді. Бұл – үлкен саясаттың шындығы,” – деді Жангелді Шымшықов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар