Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бес баласын тастап қайда кетуші еді”. Гүлзира Айдарбекова ұлы жайлы бар шындықты айтты

16:06, 15 қыркүйек 2025 334

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, “болды атағым бар” деп жатып алған күні болған жоқ. Ылғи ізденісіп жүреді. Соның арқасында KN болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны, Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің деп, сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандар, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да – сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді. Сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ мен таптым деп кеуде көтересің бе, оның бәрі пейіліңе байланысты. Үміт артқан ұл қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі бақытқа жеткізсін! Ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушыларының: “Қайрат пен Жұлдыздың өмірі сұрақ болып тұр. Екеуі ажырасып кетті ме?” деп сұрағына продюсер былай жауап берді:

“Бес баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой, қайтесіз өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті”, – деді продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар