Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Темекі басып, шешіндіріп, щеткамен зорлаған” - Екі әйел 16 жасар жасөспірімді азаптаған (ВИДЕО)

21:24, 05 қыркүйек 2025 559

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 16 жасар жасөспірім қыз әйелдерден физикалық қорлық көрді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Алматы облысына қарасты Шелек ауылында әжесі мен атасының қолында тәрбиеленген жасөспірім қыз мектепті биыл тәмамдап, анасының қасына баруды жоспарлап жүрген.

Қыздың анасы Индираның айтуынша, бәрі белгісіз бір ер адамның әлеуметтік желі арқылы жазуынан басталған.

“Олар бір-бірімен таныс емес, артық әңгіме де болмаған. Қызым әлгі жігітті бірден блоктап тастаған”, – дейді ол.

Алайда көп ұзамай (15 тамызда) жасөспірімге WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз әйел хабарласқан. Ол қызына қоқан-лоқы көрсетіп, “жігітімді тартып алдың” деп айыптаған. Анасының сөзінше, қызы әлгі айыптауды жоққа шығарып, блоктағаны жайлы дәлел де ұсынған.

Ал келесі күні, 16 тамызда, өзін жігітін даулаған деп айыптаған әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет кездесуді талап етеді. Алайда әңгіме басқаша өрбіп, қызды алдап көлікке отырғызып, ауылдан алыс жерге алып кеткен. Кейін анықталғандай, әйелдердің бірі 30 жаста, екіншісі 29 жаста болған.

"Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекеттерін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыржалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, тастай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.

Әйелдер жасөспірімді өздерімен бірге ауылдан алып шыққан соң, жолда дүкенге кіріп белгілі бір зат сатып алады. Артынша қызды өзенге апарып, суға түсіріп, есеңгіретіп, түрлі зорлық-зомбылық көрсеткен. Анасының айтуынша, олар жасөспірімге дене жарақатын әдейі салған. Ең сорақысы – бұл әрекеттердің барлығын бейнекамераға түсіріп отырған.

 "Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныстық мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы да осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді күйінген ана.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар