Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Пышақпен мойнынан ұрған” - Бұрын экс-күйеуін өлтірген әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастаған

17:20, 09 қыркүйек 2025 339

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматтық некедегі күйеуіне қасақана ауыр дене жарақатын салған әйелге қатысты үкім шығарды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Сот материалдарына сүйенсек, оқиға 2025 жылдың 10 мамырында болған. Қызғаныштан шыққан жанжал кезінде әйел азаматтық жұбайының мойын тұсына пышақпен соққы жасап, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Айыпталушы сотта кінәсін толық мойындап, жұбайын өлтіру ойы болмағанын айтты. Жәбірленуші де сотталушыны кешіріп, шағым түсірмейтінін жеткізген.

Сотталушының жасаған ісіне өкінуі және жәбірленушінің арандатушылық әрекеттері жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Алайда сот оның осыған дейін де азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталғанын және жаңа қылмысты бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында жасағанын назарға алды.

Нәтижесінде әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар