Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз қатемді түсіндім”. Қазақстандық блогер Қытайдағы әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

20:18, 22 шілде 2025 267

Қытайда дау тудырған қазақстандық блогерге полиция ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жуырда Қытайдан оралған танымал қазақстандық блогер Аружан Айбековамен тәртіп сақшылары профилактикалық әңгіме жүргізді. Бұл әрекет оның әлеуметтік желілерде кеңінен таралған және қоғамда үлкен резонанс тудырған бейнежазбаларына байланысты болды.

Желіде тараған бір видеода Айбекова серіктесінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны Қытай азаматы – бөтен біреуге бергені түсірілген. Кейін ол серіктесіне телефонның жоғалғанын айтып, өзі берген адамды ұры ретінде көрсетеді.

Сондай-ақ, қыз Қытайдың көше мен метросында бейтаныс ер адамдарға жақындап, олардың қолынан ұстап немесе аяғына тиіп кеткен. Бұл әрекеттер айналасындағылардың абыржу мен түсініспеушілігін тудырған.

Полициямен болған әңгіме барысында Аружан болған жағдайға өкінетінін айтып, көпшілік алдында кешірім сұрады:

«Менің видеом ешкімді қорлауды мақсат етпеді. Бұл – ойланбай жарияланған жазба болды. Егер біреудің көңіліне тисем, кешірім сұраймын. Енді контент жариялау мәселесіне әлдеқайда жауапкершілікпен қараймын», – деді Айбекова.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде материал жариялау кезінде өзгелерге, әсіресе өзге ел азаматтарына құрметпен қарау керектігін еске салды. Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс реакция туғызуы мүмкін.

Сонымен қатар, шетелде жүрген әрбір азамат жергілікті дәстүрлерді, қоғамдық тәртіп ережелері мен заңдарды құрметтеуі тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар