Белгілі журналист Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қаралы хабарды журналист Серікқали Мұқаш Facebook-тегі парақшасында жеткізді.
«Асылдың сынығы еді…
Тұлпардың тұяғы еді…
Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық…
Жүрегі кенет сыр беріпті.
Бақұл бол, бауырым…», - деп жазды Серікқали Мұқаш.