Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көптен бері жүрегімде жүрген…": Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі күтпеген мәлімдеме жасады

18:38, 21 шілде 2025 671

Әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі “TORE SHOW” деп аталатын жаңа авторлық жобасын бастады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында сүйіншіледі.

“TORE SHOW – алғашқы қадам. Өткен апта мен үшін ұмытылмас сәтке айналды. Көптен бері жүрегімде жүрген авторлық жобам – TORE SHOW тұңғыш рет көрерменге жол тартты. Бұл бағдарлама – жай ғана шоу емес. Бұл – менің жанымнан шыққан сыр, өнер мен өмір арасындағы көпір.

Алғашқы қонағым болған Нұрлан Имам ағамызға шексіз алғыс. Ол кісіден бата алу – осы жолдың берекелі бастамасына айналды. TORE SHOW алдағы уақытта дерлік әр бейсенбі сайын өз есігін ашып, жаңа қонақтармен, жаңа әндермен, шын көңілден шыққан әңгімелермен жалғасатын болады.

Жақында толық телевизиялық нұсқасын менің YouTube арнамнан және QSTAR.kz платформасынан тамашалай аласыздар.

Бас серіктестерімізге алғыс: @upstage_kz – заманауи жарық пен дыбыс, @empire.qz – талғам мен мәнге толы детальдар, @astana.musichall – өнердің жүрегіне айналған сахна.

Жобаның бас продюсері – Жан Мұқанов. Бұл бастама – арманнан туған, халықпен шынайы байланыс орнатуға бағытталған сапар. Келіңіздер. Көріңіздер. TORE SHOW – сіздің де шоуыңыз болуы мүмкін”,- деп жазды Төреғали Төреәлі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар