Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Жүрек қаламы” - инста сериалымыз жарық көрмек. Бұл жолда өзімізді көру - әрдайым қызық болатын және сериал соның бастамасы. Барлық қызықты бірден айтып бермей-ақ қояйын, оны өздеріңіз көре жатарсыздар. Бірақ, біз үшін - махаббат, отбасы құндылығы, білім алу маңыздылығы бірінші орында екенін білесіздер. Сценарийді толық өзіміз ойласып жаздық, бұйырса трейлер күтіңіздер”,- деп жазды блогер.