Әнші Қайрат Нұртастың қызы, биші, блогер Алау Нұртас өзінің Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырып, өзін сынаған оқырмандарына үндеу жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Неге солай? Басқа елдің адамдары маған жақсы сөздер жазып, менен шабыттанады. Ал өз елімнің халқы маған өлім тілеп, қаралап, жек көреді. Бұл - менің өмірім. Менің бет-бейнем. Менің стилім. Сондай-ақ қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Оны сіздер шешпейсіздер. Менің шын мәнінде қандай адам екенімді білмейсіздер де. Қазағым, өтініш. Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын. Сеземін. Ауырсынамын", - деп жазды Алау Нұртас.