Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз оңалту орталығынан шығарылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Қазір бәрі жақсы. 18 шілдеде бізді оңалту орталығынан шығарды. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протездермен айналысуды бастаймыз, оңалтудан басқа жерде өтеміз", – деді 7 жастағы Алуа Бекеннің анасы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез орнатуға дайындық басталады. Қыздың эмоционалдық жағдайы да тұрақты.
"Қызымның жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға (оңалту кезеңінде – еск.) төрт бөлмелі пәтер берілді. Бізге пәтер сыйға тартылды, бірақ оның құрылысы қазанда аяқталады", – деп қосты анасы.